«Elaman Group» Пәкістанда жобаларды дамытуда
Elaman Group Пәкістанда жобаларды дамытуда
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ислам Республикасы Пәкістанға жасаған ресми сапары аясында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысының халықаралық серіктестікті дамыту жөніндегі стратегиялық бағытын қолдай отырып, «Elaman Group» компаниясы шашыранды алтын өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Пәкістанға жұмыс сапарын жүзеге асырды. Пәкістан Үкіметінің өкілдерімен өткен кездесулер барысында бірлескен жобаларды іске асыру, технология алмасу және инвестиция тарту перспективалары талқыланды.
«Elaman Group» делегациясының сапары Қазақстан мен Пәкістан арасындағы іскерлік және экономикалық байланыстарды нығайтуға практикалық үлес болып, сондай-ақ қазақстандық бизнестің ел басшылығының бастамаларын белсенді қолдауға дайын екенін көрсетті.
Басшылықтың пікірі
«Elaman Group» инвестициялық-өнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы және басқарушы серіктесі Азамат Өтегенов Пәкістанға сапар компанияның халықаралық қызметін дамытудағы және экономикалық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең болғанын атап өтті.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Пәкістанға сапары аясында елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту бойынша нақты бағдарлар айқындалды. «Elaman Group» үшін Пәкістан Үкіметінің өкілдерімен жұмыс кездесулері мен келіссөздерге қатысу қойылған міндеттерді жүзеге асыруға практикалық үлес қосу мүмкіндігі болды.
Біз шашыранды алтын өндіру және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру саласында айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз. Қол жеткізілген келісімдер ұзақ мерзімді серіктестікке, тәжірибе алмасуға және заманауи технологияларды енгізуге жол ашады.
Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту стратегиялық қарым-қатынастарды нығайтуға және жаңа экономикалық өсім нүктелерін қалыптастыруға ықпал етеді деп сенемін, – деді Азамат Өтегенов.

«Пәкістандағы жобалар» бағыты бойынша өзге материалдар тиісті бөлімде қолжетімді.

